ҰСТАЗДАР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН КҮН
Шымкент қалалық “Опера және балет”театрында «Жарық нұры ғаламның» атты Ұстаздар күні қарсаңында мерекелік кеш өтті. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, шәкірт тәрбиелеу жолында талмай еңбек еткен және білім саласына үлесін қосып жүрген мұғалімдерді салтанатты түрде марапаттады. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет екенін айтқан шаһар басшысы әрбір ұстаз құрмет пен мемлекеттік наградаға лайықты екенін жеткізді. -Сіздер балаларға өмір бойы өздерімен бірге алып жүретін,